current location : Lyricf.com
/
Songs
/
7 Rings [Kazakh translation]
7 Rings [Kazakh translation]
turnover time:2024-05-04 12:02:56
7 Rings [Kazakh translation]

Иә, Тиффани таңғы асы мен шарап толы бөтелкелер

Татуланған ұрыншақ қыздар

Кірпіктер, гауһар тас, банкоматтар

Ұнағанның бәрін сатып алам (иә)

Біраз бәледен өткем, қаншық қыз болуым керек еді

Бұл маған жабайы күш сыйларын кім білген?

Мойныңда қоңыраушадан көрі кісен болғаны артық*

Чектерімді ән сияқты шығарам (иә)

Білегіме қарай берме, мойным жылтырап тұр

Ірі депозиттер, далабым стильді

Шашым ұнап қалды ма? Ой рақмет, сатып ала салғам

Көрем, ұнатам, қаласам, сатып алам (иә)

Қалайм ба – алам, қалайм ба – алам

Қаласам, ала салам, қаласам, ала салам

Шашым ұнап қалды ма? Ой рақмет, сатып ала салғам

Көрсем, ұнатсам, қаласам – ала салам

Қолымда жүзік, бірақ біреудің әйелі емеспін

6 қаншығыма сай 6 гауһар жүзік әпердім

Бүкіл достарыма ақша шашайын

Шоппинг-терапияға тәуелді сияқтымын

Ақша мәселеңді шешпейд деген адамның

өзінің ақшасы жетпесе керек

Олар "Қайсы керек?" десе, "Жо, бәрін де алам" дейм

Бақыт құны – қызыл өкшелі туфелдер ғана

Езуім құлағымда, сырттай жарқырайм

Жарығым саған да жеткенін білем (жетті ғой)

Киімдерім ғана үшін бөлек пәтер алам

Ерлердікін, әйелдердікін – бәрін қалайм, бәрін алам (иә)

Қалайм ба – алам, қалайм ба – алам

Қаласам, ала салам, қаласам, ала салам (балақай)

Шашым ұнай ма? Ой рақмет, сатып ала салғам (оһ иә)

Не көрем, не ұнайд, не қалайм, соны алам (иә)

(Иә) Чектерімдегі сандар телефон нөміріндей ұзын

Әңгіме ақша жайлы болмаса, нөмірмен қателестім дей бер

Қара карта – визиткам

Бұл маған өзіндік рең беред

Мақтанғаным емес, бірақ, "Сөмкеме сала сал" дей салам (иә)

Сөрелерімді көрсең ғой – тесілгенше тығылған (иә)

Мына қара: дүкеннен бірден студияға!

Бәрін бір луппен-ақ** әдемі істейм, сол үшін ақша әкел

Мән берме, беделім бар

Сүрінбейтін тұяқпын

Міне, мойныма қара, енді жеке ұшағыма қара

Маған құрмет көрсетуге ақшаң жетпейд

Түсірілімдерімнен қаражат аямайм

Қалаған затым болса, бірден сатып алам (иә)

Қалайм ба – алам, қалайм ба – алам

Қаласам, ала салам, қаласам, ала салам

Шашым ұнай ма? Ой рақмет, сатып ала салғам (оһ иә)

Не көрем, не ұнайд, не қалайм, соны алам (иә)

Comments
Welcome to Lyricf comments! Please keep conversations courteous and on-topic. To fosterproductive and respectful conversations, you may see comments from our Community Managers.
Sign up to post
Sort by
Show More Comments
Ariana Grande
  • country:United States
  • Languages:English, Spanish
  • Genre:Pop
  • Official site:http://www.arianagrande.com/
  • Wiki:http://en.wikipedia.org/wiki/Ariana_Grande
Ariana Grande
Latest update
Copyright 2023-2024 - www.lyricf.com All Rights Reserved