current location : Lyricf.com
/
Songs
/
Red [Kazakh translation]
Red [Kazakh translation]
turnover time:2024-04-29 18:23:02
Red [Kazakh translation]

[1-шумақ:]

Оны сүю – жаңа Maserati көлігін тұйық көшеге қарай айдаумен бірдей

Желден де жылдам, күнәдай ынтық, бірақ кенет аяқталады

Оны сүю - бұл құлап бара жатып, ойыңнан айну тәрізді

Күздегі түстер сияқты, сондай қанық, бірақ бір сәтте бәрі жоғалады

[Қайырмасы:]

Оны жоғалту - мен үшін мен білмеген қайғы болды 1

Оны сағыну - қара сұр түстей болды

Оны ұмыту - бейтаныс адамды білудей еді

Бірақ оны сүю қызыл болды 2

Оны сүю қызыл болды

[2-шумақ:]

Оны аймалау - қалағанымның бәрі алдымда екенін түсінудей болды

Оны жаттау - сүйікті әнімнің сөздерін білудей оңай болды

Онымен ұрсысу - кроссворд шешуге тырысып, дұрыс жауап жоқ екенін түсінудей болды

Ол туралы өкіну - махаббаттың соншалықты жалынды бола алатынын білмегеніңді тілегендей еді

[Қайырмасы:]

Оны жоғалту - мен үшін мен білмеген қайғы болды

Оны сағыну - қара сұр түстей болды

Оны ұмыту - бейтаныс адамды білудей еді

Бірақ оны сүю қызыл болды

О, қызыл

Жалынды қызыл

[Ауысым:]

Ол есіме жаңғырықтай келеді

Өзіме уақыт келді, оны ойдан шығару керек деймін

Бірақ оны ұмыту мүмкін емес

Барлығы көз алдымда

Жалынды қызыл

Оны сүю қызыл еді

[Қайырмасы:]

Оны жоғалту - мен үшін мен білмеген қайғы болды

Оны сағыну - қара сұр түстей болды

Оны ұмыту - бейтаныс адаммен танысудай еді

Бірақ оны сүю қызыл болды

Иә, иә, қызыл

Біз жалындаған қызыл едік

[Соңы:]

Міне, сондықтан ол менің ойымнан шықпайды

Қып-қызыл болып жалындап, қайта-қайта оралады

Иә, Иә

Оның махаббаты – жаңа Maserati көлігін тұйық көшеге қарай айдаумен бірдей

1. Ағыл. көк түс - қайғыға-мұңға метафора2. Тейлор Суифттің айтуы бойынша, сезімдерінің жалынды болғаны сонша, оны тек қызыл түспен теңестіре алды. Оған қоса қызыл - ағылшын тілінде қайғы мен мұңды білдіретін көк түске қарама-қарсы түс

Comments
Welcome to Lyricf comments! Please keep conversations courteous and on-topic. To fosterproductive and respectful conversations, you may see comments from our Community Managers.
Sign up to post
Sort by
Show More Comments
Taylor Swift
  • country:United States
  • Languages:English
  • Genre:Country music, Electropop, Pop, Pop-Folk
  • Official site:http://www.taylorswift.com/
  • Wiki:http://en.wikipedia.org/wiki/Taylor_Swift
Taylor Swift
Latest update
Copyright 2023-2024 - www.lyricf.com All Rights Reserved