current location : Lyricf.com
/
Songs
/
cardigan [Kazakh translation]
cardigan [Kazakh translation]
turnover time:2024-04-28 04:56:37
cardigan [Kazakh translation]

Ескі жейде, жап-жаңа телефон 1

Тас үстінде биік өкшемен

Жас кезде түк білмейсің дейді

Жылтыраған күлкілер, қара далап, нәзік қылық

Жас кезде түк білмейсің дейді 2

Бірақ, Levi's-дан алған джинсыңмен мас болып

Көше шамдарының жарығында билеп жүрген сені білдім

Киімімнің астындағы сенің қолдарыңды білдім

Қаттырақ сүй, жаным

Өзімді төсектің астында қалған

Ескі шекпендей сезгенде

Сен келдің де, мені киіп, сүйіктім деп атадың 3

Барлығына дос - ешкімге дос емес

Екі қызды қусаң, біреуін жоғалтасың 4

Жас кезде түк білмейсің дейді

Бірақ, жасырынбақ ойнап,

Демалыс күндеріңді маған арнап жүрген 5

Сені білдім

Хайлайнда сенің жүрек соғысыңды танимын 6

Жиырма өмірде бір келер 7

Өзімді төсектің астында қалған

Ескі шекпендей сезгенде

Сен келдің де, мені киіп, сүйіктім деп атадың

Көлікте, қаланың барларында өбісу

Бізге керегі тек осы еді

Тыртықтарымның айналасына жұлдыздарды бейнеледің

Бірақ қазір олар қанап жатыр

Себебі сені білдім

Соңғы пойызға үлгеру 8 -

Менің сүйегіме таңба болды

Себебі сені білдім

Питер Уендиді жоғалтқан

Кітаптың соңын өзгерткің келді 9

Әкедей тастап,

Судай ағып кеткен

Сені білдім

Жас кезде түк білмейсің дейді

Бірақ сенің мәңгілік сүйістей жанымда қалатыныңды 10

"Ал егер..." деген барлық ойларым сен жайлы болатынын білдім

Түтіннің иісі осынша ұзаққа қалатынын да білдім

Себебі мен жас болғанда, бәрін білетінмін

Дүкенде кезекте тұрып сенің көлеңкеңді іздеп,

Сенің атыңды қарғап өтетінімді білдім

Ынтығың басылғанда мені қайта сағынатыныңды

Үйімнің алдына қайта келетініңді білдім 11

Қайта маған келетініңді білдім

Қайта келетініңді

Қайта келетініңді

Қайта келетініңді

Өзімді төсектің астында қалған

Ескі шекпендей сезгенде

Сен келдің де, мені киіп, сүйіктім деп атадың

1. Бұл ән Бетти, Джеймс, және Аугустина атты жастардың оқиғасы жайлы баяндайды, және "Betty", "August" әндерімен тығыз байланысты. Ән есейген Беттидің атынан жазылған2. Бұл "Betty" әніне сілтеме, себебі онда Джеймс өзінің қылығын "мен әлі жаспын, түк білмеймін" деп ақтауға тырысады3. Бұл өте нәзік әрі сүйкімді естілгенімен, екі мағынасы бар. Себебі, "put smb. on" (біреуді кию) ағылшын тілінде алдау дегенді де білдіреді.4. Джеймстің екі қызбен қатар жүргені жайлы5. Басқа күндері оның ойында басқа біреу болды деген мағынада6. Хайлайн Нью-Йорктағы метро желісі 7. Бетти Джеймстің ерекше болғандығын, оны мың адамның арасынан жүрек соғысынан танитынын, ондай адамның жиырма рет өмір сүрсең, бір келетінін айтуда8. Бұл жерде Тейлор соңғы пойызға үлгеруді өмірін өзгертуге деген соңғы талпынысқа метафора ретінде қолданады. Бұл Джеймстің Бетти үшін қаншалықты маңызды болғанын білдіреді9. "Питер Пен" ертегісінде Питер Пен Уендиді өзімен бірге Неверлендке апарады. Питер Уендидің онымен мәңгі қалуын қалайды, бірақ Уенди ақырында қиял мен балалық шағын артта қалдырып, шынайы өміріне оралады, сонда ол жүріп, өседі10. Түпнұсқада аударуға келмейтін "tatoo kiss" тіркесі қолданады. Мұнда tatoo - татудай ұзақ уақытқа қалатын, кетпейтін деген мағынада11. Тағы да "Betty" әніне сілтеме, себебі онда Джеймс шынымен Беттидің үйінің алдына келіп, одан кешірім сұрайды

Comments
Welcome to Lyricf comments! Please keep conversations courteous and on-topic. To fosterproductive and respectful conversations, you may see comments from our Community Managers.
Sign up to post
Sort by
Show More Comments
Taylor Swift
  • country:United States
  • Languages:English
  • Genre:Country music, Electropop, Pop, Pop-Folk
  • Official site:http://www.taylorswift.com/
  • Wiki:http://en.wikipedia.org/wiki/Taylor_Swift
Taylor Swift
Latest update
Copyright 2023-2024 - www.lyricf.com All Rights Reserved