current location : Lyricf.com
/
Songs
/
betty [Kazakh translation]
betty [Kazakh translation]
turnover time:2024-04-27 14:42:46
betty [Kazakh translation]

[1-шумақ]

Бетти, мен болжап отырмай-ақ қояйын,

Бірақ сыныбыңды ауыстыруыңның

Маған қатысы бар ғой деймін 1

Бетти, бірде мен скейтборд теуіп,

Сенің үйіңнің жанынан өтіп бара жатыр едім,

Дем ала алмай қалғандай болдым.

[Қайырма алды]

Инездің өсектерін естіпсің ғой

Көбіне оның айтқанына сену - қате

Бірақ бұл жолы бәрі шындық 2

Менің өмірімде жасаған ең сұмпайы қылығым -

Саған жасағаным

[Қайырма]

Бірақ сенің кешіңе келсем

Мені қабылдайсың ба?

Мені қалайсың ба?

Маған жоғал дейсің бе,

Не мені бағыңа апарасың ба?

Бақта бұның бәрі жазда болған болмашы зат десем 3

Маған сенер ме едің?

Жасым небәрі 17-де, түк білмеймін, 4

Жалғыз білетінім - сені сағындым

[2-шумақ]

Бетти, қай кезде қате кеткенін түсіндім

Сүйікті әнің спорт залдың түбінен

Ойнап жатты емес пе

Бірақ мен жаныңда болмадым

Көпшілікті ұнатпаймын ғой, сен бұны білесің

Содан соң мен сені ана біреумен билеп жүргеніңді көрдім

[Қайырма алды]

Инездің өсектерін естіпсің ғой

Көбіне оның айтқанына сену - қате

Бірақ бұл жолы бәрі шындық

Менің өмірімде жасаған ең сұмпайы қылығым -

Саған жасағаным

[Қайырмасы]

Бірақ сенің кешіңе келсем

Мені қабылдайсың ба?

Мені қалайсың ба?

Маған жоғал дейсің бе,

Не мені бағыңа апарасың ба?

Бақта бұның бәрі жазда болған болмашы бір зат десем

Маған сенер ме едің?

Жасым небәрі 17-де, түк білмеймін,

Жалғыз білетінім - сені сағындым

[Ауысым]

Жұмыр тастардың үстімен үйге бара жатып

Сен туралы ойлап бара жатқанымда

Ойда жоқта ол жанымнан табылды

Пиғылым алдыма келгендей болды

Ол "Джеймс, жүр, көлікке отыр" деді 5

Бұл күндер түндерге айналды

Жаз бойы онымен жатсам да

Түсіме кірген сен болдың

[3-шумақ]

Бетти, есігіңнің алдыңда тұрмын

Бұл сәтті апталап жоспарладым

Бірақ енді ғана түсіндім

Бетти, бұл - қазір сен менің жүзімді көргеніңде

Не болатыны жайлы болжауға

Соңғы мүмкіндігім

[Қайырма алды]

Менің жалғыз қалауым -

Сенің алдыңдағы кінәмді түзеу

Сондықтан мен сенің кешіңе келдім 6

Иә, мен сенің кешіңе келдім

[Қайырма]

Сенің кешіңе келдім

Мені қабылдайсың ба?

Мені ұнатасың ба?

Босағада тұрып, ақымақ достарыңның алдында

Мені сүйесің бе?

Мені сүйсең, бәрі мен армандағандай бола ма?

Сынған қанаттарыңды емдей ме?

Жасым небәрі 17-де, түк білмеймін,

Жалғыз білетінім - сені сағындым

[Соңы]

Сенің шекпеніңнің астында 7

Менің көлігімде қайта өбістік

Көше шамының жанына тоқтадық

Сені сағынғанымды білесің

1. Бұл ән Бетти, Джеймс, және Аугустина атты жастардың оқиғасы жайлы баяндайды, және "August", "Cardigan" әндерімен тығыз байланысты. Ән Беттидің туған күніне келген Джеймстің атынан жазылған2. Жазғы демалыс кезінде Джеймс өзінің көңіл жарастырған қызы Беттимен айырылыспай, Аугустинамен қатар жүріп бастайды, бірақ жаз біткенде Бетти бәрін біліп қояды3. "August" әнінде Аугустина Джеймспен қарым-қатынасын "жазғы махаббат" ("summer love") деп сипаттайды, бірақ Джеймс үшін бұл тек бір "жазғы болмашы зат" болды4. Бұл "Cardigan" әніне сілтеме, онда Бетти жастардың шынында бәрін білетіні жайлы айтады5. Бұл сәт жайлы "August" әнінде де айтылады6. Тағы да "Cardigan" әніне сілтеме, онда Бетти Джеймстің келіп, одан кешірім сұрайтынын білгені жайлы айтады7. "Cardigan" әніне сілтеме

Comments
Welcome to Lyricf comments! Please keep conversations courteous and on-topic. To fosterproductive and respectful conversations, you may see comments from our Community Managers.
Sign up to post
Sort by
Show More Comments
Taylor Swift
  • country:United States
  • Languages:English
  • Genre:Country music, Electropop, Pop, Pop-Folk
  • Official site:http://www.taylorswift.com/
  • Wiki:http://en.wikipedia.org/wiki/Taylor_Swift
Taylor Swift
Latest update
Copyright 2023-2024 - www.lyricf.com All Rights Reserved